Судо модельдеу чемпионаты

М және NS топтарындағы кеме модельдеу спортынан Қазақстан Республикасының XXXI чемпионаты басталды!
Чемпионат Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан кеме модельдеу спорт федерациясының бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілуде.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Чемпионатқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген командалар қатысуда. Қостанай облысының намысын Қостанай қаласының балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі қорғайды. Алдағы күндері олар кеме модельдеу бойынша өз шеберліктері мен техникалық дайындықтарын көрсетіп, чемпион атағы үшін бақ сынайды.
Қатысушыларға әділ бәсеке мен жоғары нәтижелер тілейміз!

Полезные ресуры