XII Халықаралық әскери-патриоттық жиын

«Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны
Ақмола облысының Щучинск қаласында «Айбын-2026» XII халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.
Жиын бағдарламасына әскери-спорттық, зияткерлік, шығармашылық және әскери-қолданбалы жарыстар енгізілді. Биылғы іс-шараға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 50-ден астам команда қатысты.
Қостанай облысының намысын Қамысты, Қостанай және Ұзынкөл аудандарының, сондай-ақ Қостанай және Лисаков қалаларының оқушыларынан құралған құрама команда қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының құрамасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, лайықты нәтижелерге қол жеткізді.
Ату жарысынан команда ІІ орынды иеленді.
Жеке есепте:
• Марьям Жақыпова (Ершов жалпы білім беретін мектебі) – ату жарысынан ІІ орын;
• Дәулет Асанали – АК-74 автоматын бөлшектеу және құрастыру сайысында ІІІ орын.
Барлық жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша Қостанай облысының құрама командасы жалпыкомандалық есепте 12-орынды иеленді.
Команда мүшелері мен олардың жетекшілерін табысты өнер көрсетулерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа жеңістерге, биік жетістіктерге және әскери-патриоттық тәрбие саласында толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

Полезные ресуры