Республикада жалпыкомандалық ІІ орын!

2026 жылғы 3–4 маусым күндері Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша республикалық жарыс өтті.

Қостанай облысының намысын Қостанай қаласындағы Техникалық шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері қорғады. 

Жарыс келесі бағыттар бойынша өткізілді:
 авиамодельдеу
 зымыран модельдеу
 дрон технологиялары
 радиобасқарылатын автомобильдер
 кеме модельдеу

Біздің оқушылар барлық номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болып, өздерінің шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті! 

 Нәтижесінде команда жалпыкомандалық ІІ орынды иеленді!

Жеңімпаздарды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жеңістер көп болсын! 

Полезные ресуры