2026 жылғы 20-22 мамыр аралығында ақын, Қазақ КСР Халық жазушысы Мариям Хәкімжанованың туғанына 120 - жыл толуына арналған оқушылардың облыстық жазғы гимназиадасының бағдарламасында туристік көпсайыстан облыстық жарыстар өтті.
⠀Осы жылы жарыстар облысымыздың 12 өңірінен келген жас спортшыларды біріктірді!
⠀Үш күн ішінде қатысушылар «Кедергілер жолағы», «Байламдар» және «Құтқару жұмыстары» қашықтықтарынан өтті.
⠀Көпсайыстың қорытындылары бойынша:
⠀ 1 орын — Қостанай ауданының командасы;
⠀ 2 орын — Меңдіқара ауданының командасы;
⠀ 3 орын — Сарыкөл ауданының командасы.
⠀Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жеңіске деген ерік-жігері, командалық рухы және тамаша нәтижелері үшін алғыс айтамыз!
https://rcfk.edu.kz/news/962-turistik-kopsajystan-oblystyk-zharystar-korytyndylar.html#sigProGalleriaa91c48485f