«Батырлар рухы» жарысы

2026 жылғы 24-25 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы У. Султангазин атындағы педагогикалық институттың дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасы мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әскери кафедрасы бірлесіп Қостанай ауданының және «Золотой фазан» демалыс базасының аумағында Қостанай облысының «Батырлар рухы» әскери-патриоттық бірлестіктерінің облыстық жарыстарын өткізді.

Спорттық іс – шараның қашықтық түрі – «Кедергілерді еңсере отырып марш – лақтыру» – ұзындығы - 7-10 км. Команда барлық кезеңдерді маршрут парағына сәйкес, карта бойынша бағдарлай отырып өтеді. Жарыс бағдарламасында конкурстық бағдарлама да өткізілді.
Жарысқа 6 адамнан тұратын командалар қатысты (5 - ұл, 1 - қыз). Барлығы 10 командалар.
«Әскери-патриоттық ән байқауы»:
I орын - «Патриот» АПК Ұзынкөл ауданы;
II орын - «Жас Сарбаз» АПК Жітіқара политехникалық колледжі;
III орын – «Родник» ӘПК Алтынсарин ауданы;
«Далалық лагерьлер байқауы»:
I орын – «Патриот» АПК Ұзынкөл ауданы;
II орын – «Родник» АПК Әулиекөл ауданы;
III орын – «Свердловка» АПК Алтынсарин ауданы;
«Әскери дала асханасы байқауы»
I орын – «Родник» АПК Әулиекөл ауданы;
II орын – «Патриот» АПК Ұзынкөл ауданы;
III орын – «Арыстан» АПК Рудный қаласы;
«Капитандар сайысы»
Наумов Евгений, Қамысты ауданы
Жалпы командалық есепте:
I орын – «Бауыржановцы» АПК Қостанай қ.;
II орын – «Арыстан» АПК Рудный қ.;
III орын – «Альфа» АПК Рудный қ.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Полезные ресуры