2026 жылғы 30 сәуірде Қостанай қаласында Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі базасында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.
Іс-шараға Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері қатысты
Мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында техникалық бағыттағы үйірмелерді енгізу арқылы оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту
Семинардың ашылуында Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының директоры Қуаныш Уахитович Бимурзин құттықтау сөз сөйледі.
Семинар аясында тәжірибеге бағытталған шеберлік сағаттары өткізілді:
— СУ-24 ұшағының лақтырылатын моделін жасау педагог Никитин А.Ю.;
— Лобзикпен аралау арқылы биплан ұшағының сувенирлік моделін дайындау педагог Онегина Е.Б.
Қатысушылар техникалық модельдеудің заманауи тәсілдерімен танысып қана қоймай, өз қолдарымен бұйымдар жасап, оларды оқу үдерісінде және сыныптан тыс жұмыстарда қолдану мүмкіндігін алды.
Семинар педагогтер үшін тәжірибе алмасу, жаңа идеялар мен кәсіби даму алаңына айналды.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, техникалық шығармашылықты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!
https://rcfk.edu.kz/news/956-oblystyk-okytu-seminaryny-korytyndysy-tekhno-zhasampazdyk-modeldeu-zhane-k-rastyru-arekette.html#sigProGalleriaaa9de28f24