«Жас жауынгер – 2026»

2026 жылғы 27–30 мамыр аралығында Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының базасында «Жас жауынгер» республикалық әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыс өткізілді.

Жарысқа Қостанай облысының командасы — Қостанай қаласы аула клубының ВПК «Спортивный жас сарбаз» тәрбиеленушілері қатысты.

Жарыс бағдарламасына 2–3 км қашықтықтағы кедергілер жолағынан өту, пневматикалық винтовкадан ату, сондай-ақ «Отан қорғаушы» күштік жаттығулары кірді. Қатысушылар үшін әскери бөлімнің қару-жарақтары мен әскери техникасының көрмесі ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша команда келесі нәтижелерге қол жеткізді:
— кедергілер жолағында 2 орын;
— пневматикалық винтовкадан атуда 2 орын;
— жеке есепте 1 орын;
— жалпы командалық есепте 2 орын.

Қатысушыларды жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз! Жарайсыңдар!

Полезные ресуры