Туристік көпсайыс бойынша жарыстың қорытындысы

 2026 жылғы 14-17 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ базасында ақын, Қазақ КСР Халық жазушысы Мария Хакімжанованың туғанына 120 - жыл толуына арналған жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық жарыстар өтті.
 Жарысқа екі жас санатындағы командалар қатысты:
 «Юноши» (2012) ж.т. және одан кіші)
 «Юниоры» (2009-2011 ж.т.)
Қатысушылар дайындықтың жоғары деңгейін, төзімділікті, командалық жұмысты және командалық, жеке, байламдар мен құтқару жұмыстарында жеңіске жетуге деген шынайы ерік-жігерін көрсетті.
 Жарыстың қорытындылары:
«Юноши» санаты:
1 орын – «Лисаковск» командасы (Лисаков қ.);
2 орын – «Степная братва» командасы (Қостанай ауданы);
3 орын – «Jasa» командасы (Меңдіқара ауданы).
«Юниоры» санаты:
1 орын – «Степная братва» командасы (Қостанай ауданы);
2 орын – «Костанай» командасы (Қостанай қ.);
3 орын – «Азимут» командасы (Меңдіқара ауданы).
 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық командалар грамоталармен, медальдармен және туристік жабдықтармен марапатталды.

Полезные ресуры