Қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары

Бүгін, 27 мамырда "Балалардың заманауи қосымша білім беру ортасы жағдайында тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту" қосымша білім беру педагогтарының облыстық семинары өз жұмысын бастады. Семинар Амангелді ауданының базасында өткізіледі. Семинар аясында Амангелді ауданы, этноауыл мұражайларына бару жоспарланған. 28 мамырда шеберлік сыныптары мен семинардың пленарлық бөлімі өтеді.