Қостанай облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Гани Бектаевич Бейсембаевтың тапсырмасы орындалуда Қостанай облысына Ұлттық практикалық дене тәрбиесі орталығының академиялық мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары, педагог-шебері, өз ісінің нағыз кәсіпқойы Дрейт Наталья Александровна жұмыс сапарымен келді.
?Сапардың мақсаты - облыстың білім беру ұйымдарында дене шынықтыруды оқытудың жай-күйін, сондай-ақ педагогтарды әдістемелік қолдауын талдау.
⠀Сапар аясындағы негізгі іс-шаралар:
✅Біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларымен кездесу. 50-ден астам дене шынықтыру мұғалімдері тірі диалогқа қатысып, қызықты сұрақтар қойып, Наталья Александровнадан практикалық ұсыныстар алды.
✅«Дене шынықтыру мұғалімінің мінез-құлық этикасы» тақырыбындағы дөңгелек үстелі. Бұл пікірталасқа педагог - шеберлер мен педагог-зерттеушілер қатысты. Кәсіби этикетке, білім алушыларды ынталандыруға және дене шынықтыру оқытушысы мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.
✅Жұмыс кездесулері. Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы, Сапаны қамтамасыз ету департаменті және Өңірлік дене шынықтыру орталығының өкілдерімен келіссөздер өтті. Мектеп спорты мен дене тәрбиесін дамытуға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
⠀Наталья Александровна жоғары кәсіпқойлықты ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің дамуына шынайы қызығушылық танытты. Онымен кездесудегі сөздері көптеген мұғалімдерді өз рөлін қайта қарастыруға және кәсіби өсуге ұмтылуға шабыттандырды.
?Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Қостанай облысын мектеп спортын дамытудағы көшбасшылардың бірі ретінде ерекше атап өтті, бұл біздің өңірде жұмыс іс-шараларын өткізуге негіз болды.
?Қостанай облысы дене тәрбиесі саласындағы позициясын нықтай түсуде, педагогтерді даярлаудың үздік тәжірибелері мен тұрақты дамуын көрсетіп отыр.