Қостанай облысының үздік дене шынықтыру мұғалімдері анықталды
⠀8-11 сәуір аралығында ҚОӘББ «Қостанай ауданы білім бөлімінің № 1 Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ және ҚОӘББ «Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2025» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Іс-шараны Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы ұйымдастырып, өңірдің ең талантты, креативті және ынталы педагогтарын жинады.
⠀Байқаудың бағдарламасына үш тур кірді:
⠀«Креативті педагог» - өзін-өзі таныстырудың өзіндік тәсілдерін көрсету;
⠀«Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы» - мастер-кластар және ашық сабақтар;
⠀«Үздік спорттық-бұқаралық іс – шара» - спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
⠀Барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
⠀Байқаудың жеңімпаздары:
⠀1 орын - Трушель Лариса Владимировна, ҚОӘББ «Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
⠀2 орын - Баянбаев Аманжол Саналыевич, ҚОӘББ «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Набережная жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
⠀3 орын - Минтяков Максим Иванович, ҚОӘББ «Қостанай ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі.
⠀Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
⠀«Креативті педагог» - Романович Иван Павлович, ҚОӘББ «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
⠀«Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы» - Багытов Науан Берикович, ҚОӘББ «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 21 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
⠀«Үздік спорттық-бұқаралық іс – шара» - Огнев Дмитрий Витальевич, ҚОӘББ «Лисаков қаласы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі.
⠀Байқау кәсіби шеберліктің, тәжірибе алмасудың және салауатты өмір салтын насихаттаудың нағыз мерекесі болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға Қостанай облысының мектептерінде дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!
https://rcfk.edu.kz/news/863-zdik-m-galim-2025.html#sigProGalleriaefb6487a26