Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2026

Қостанай облысында педагогтердің кәсіби шеберлігін дамытуға, шығармашылық бастаманы қолдауға және білім беру процесіне заманауи білім беру технологияларын енгізуге бағытталған «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2026» облыстық байқауы өтті.
⠀Байқаудың қорытындылары бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
?1 орын - Альжанов Батырлан Аманкельдыевич, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
? 2 орын - Баянбаев Аманжол Саналыевич, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Набережный жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
? 3 орын - Рысдаулетова Ирина Александровна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі.
⠀Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімі бойынша номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
? «Креативті педагог» - Мағауов Ерболат Абайұлы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
? «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы» - Храпач Светлана Владимировна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданы білім бөлімінің М.Маметова атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі;
? «Үздік спорттық - бұқаралық іс—шара» - Оразов Батыржан Куанышбекович, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернышевский жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі.
⠀Байқаудың барлық қатысушылары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының сертификаттарымен, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер —грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
⠀Педагогтарды лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және салауатты және белсенді ұрпақты тәрбиелеу ісінде одан әрі кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейміз!

Полезные ресуры