”Оқушылардың оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының республикалық Форумы”

8–9 сәуір күндері Астана қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларыңың республикалық Форумы өтті.
Елдің барлық аймақтарынан жас көшбасшылар бас қосып, маңызды жастар мәселелерін қозғады. Қуантарлығы, көшбасшылардың болашақ “Адал ұрпақ” тұжырымдамасының талқылау сәтінің куәгері болғаны.
Бұл маңызды шарада Қостанай облысының командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, құрметті 3-орынға ие болды.
Сондай-ақ облысымыздың оқушылары — Қостанай ауданы Заречный №1 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Салеми Ұлмекен және Жітіқара ауданындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Мирас Мұхтаров — республиканың ТОП-25 үздік көшбасшыларының қатарына енді.
Бұл жетістік — жай ғана жеңіс емес, жастардың белсенділігі мен жауапкершілігін, сондай-ақ шынайы көшбасшылық қасиеттерін айқындайтын жарқын дәлел.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа биіктерді бағындыруларына тілектеспіз!

Полезные ресуры