2026 жылғы 02-24 ақпан аралығында Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Кәсіптер әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық сырттай кезеңін өткізеді.
Мақсаты - білім алушылардың кәсіптерді зерделеуге шығармашылық көзқарасын жандандыру, білім алушылар мен педагогтарды бірлескен қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту.
Форумға қатысушылар - 11-17 жас аралығындағы балаларға жалпы, орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары аудандық/қалалық кезеңдердің жеңімпаздары.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтеді:
«Мен бүгін таңдайтын мамандық» презентация байқауы.
«Болашақ мамандығы» шығармашылық жұмыстар байқауы.
«Біздің отбасымыздағы мамандықтар» бейнероликтер байқауы.
«Жас мобилограф» мамандықтары туралы бейнероликтер мен бейнесюжеттер байқауы.
http://rcfk.edu.kz/ru/n-urs/914-pravila-otkryvaem-mir-professii.html