Дене шынықтыру әдіскерлерімен облыстық кеңес

2025 жылғы 18 желтоқсанда Қостанай қаласында Қостанай облысының дене шынықтыру әдіскерлерімен облыстық кеңес өтті.
⠀Кеңес барысында негізгі мәселелер қаралды:
✔ Орталықтың талдамалық ақпараты;
✔ 2026 жылға арналған дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және оқу-әдістемелік жұмыстардың күнтізбелік жоспары;
✔ оқушылардың облыстық қысқы және жазғы спартакиадаларын, сондай-ақ мектеп лигаларын жоспарлау және талқылау;
✔ Жангелдин ауданының әдіскері — Аймаков Казбек Мукатович пен Федоров ауданының әдіскері - Рыжков Максим Витальевичтің сөз сөйлеуі;
✔ Қостанай облысының дене шынықтыру бойынша әдіскерлердің рейтингтік жүйесін қорытындылау.
? Рейтинг қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
? 1 орын - Шегенова Шарбану Искаковна (Қостанай қ.);
? 2 орын - Жауатов Сапар Куанышевич (Меңдіқара ауданы);
? 3 орын - Мозер Виталий Викторович (Бейімбет Майлин ауданы).
⠀Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Полезные ресуры