2025 жылғы 30 қазанда Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы Қостанай облысының білім беру ұйымдарындағы хореографиялық ұжымдар арасында «Болашақ» облыстық хореографиялық конкурсын өткізеді.
Конкурстың мақсаты:
- хореографиялық өнер саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау.
Конкурсқа Қостанай облысының білім беру ұйымдарындағы хореографиялық ұжымдар келесі жас санаттары бойынша қатысады: кіші топ (8–10 жас); орта топ (12–13 жас); жоғары топ (14–16 жас).
Хореографиялық ұжымның қатысушыларының саны 8-ден 16 адамға дейін болуы тиіс.
Байқауға ұжымдар іріктеусіз қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 17қазанға дейін.