Новости

  • «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы

    «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы 2024 жылғы 25 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша команда жеңіскері «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалында Қостанай облысы атынан қатысады. Ойынға…

  • «Менің бастамам - менің Отаныма»

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «Менің бастамам - менің Отаныма» республикалық балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,…

  • «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024»

    2024 жылдың 16-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының…

2024 жылғы 17-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының спорт залында «Зеленое яблоко» газетінің шыққанына 25 жыл толуына орай жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық жарыстар өтті.

 

2024 жылғы 17-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығының спорт залында «Зеленое яблоко» газетінің шыққанына 25 жыл толуына орай жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық жарыстар өтті. Қостанай облысының жеті өңірінен он бес команда «Жасөспірімдер» және «Юниорлар» екі жас санаттарында қатысты.

Жарыс бағдарламасына үш қашықтық кірді: жеке, командалық және байламдар. Жас туристер өздерінің дайындық деңгейлерін көрсете отырып, үш күн бойы бақ сынасты. «Жасөспірімдер» санатында «Жанұя» командасы жеңіске жетті («Жанұя» ОҮБҮ), екінші орынды «Мираж» командасы (Меңдіқара ауданы), ал үшінші орынды «Алтай» командасы (Сарыкөл ауданы) иеленді.

«Юниорлар» жас санатында орындарды бөлу келесідей болды: «Азимут» (Меңдіқара ауданы) командасына алтын, «Степная братва» (Қостанай ауданы) командасынан күміс, ал «Эдельвейс» (Қостанай қаласы) командасы қола медаль жеңіп алды.