Новости

  • «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы

    «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы 2024 жылғы 25 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша команда жеңіскері «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалында Қостанай облысы атынан қатысады. Ойынға…

  • «Менің бастамам - менің Отаныма»

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «Менің бастамам - менің Отаныма» республикалық балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,…

  • «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024»

    2024 жылдың 16-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының…

«Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024»

2024 жылдың 16-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті.

Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

Байқау Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өтті.

Байқауды өткізу шарттары бойынша қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс: «Креативті педагог» - мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің тұсаукесері; «Қазіргі заманауи дене шынықтыру сабағы» - дене шынықтыру сабағын өткізу»;«Үздік спорттық-бұқаралық іс – шара» - спорттық іс-шараның тұсаукесері.

Өткізілген байқаудың қорытындысы:

«Үздік дене шынықтыру сабағы» номинациясы - Жакупова Натипа Рахимжановна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Чайковский жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі.

«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» номинациясы-Орынбай Тұралы Орынбайұлы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Сапар Ергалиев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі.

Байқауда 3 орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі - Дүйсенбай Сәлім Дүйсенбайұлы иеленді.

2 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі - Жусупов Руслан Манарбекович.

1 орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ дене шынықтыру мұғалімі - Кдырменов Ержан Бауыржанович алды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.