«Алтын доп» ұлттық мектеп лигасы

2023 жылғы 23-30 сәуір аралығында Павлодар қаласында 7-8 сынып ұлдары арасында баскетболдан «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасы өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ 7-8 сынып оқушыларының құрама командасы жаттықтырушы Бекмағанбетов Болатбек Қабдібекұлының жетекшілігімен 2 орынды иеленді.

Команда құрамы: Абишев Темерлан, Гизатулин Тамерлан, Нетиков Дмитрий, Зебольд Андрей, Юсупов Виктор, Алпысов Нариман, Авдотин Максим, Бабенко Артем, Пустовой Сергей, Нүркенов Даниял.

Біздің спортшылар мен жаттықтырушыларды жеңіспен құттықтаймыз!