2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Қостанай қласында "Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2023" республикалық байқауының облыстық кезеңінің финалы өтті.
Бұл байқау дене шынықтыру мұғалімдерінің біліктілік деңгейін, олардың эрудициясын, дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыреттілігін үнемі арттыру мақсатында өткізіледі.
Байқау Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 2 мектеп-лицейі" КММ және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 28 мектеп-гимназиясы" КММ-де Қостанай қаласы мектептерінің базасында өткізілді, онда үміткерлер үздік мұғалім атағы үшін жарысты.
Екінші кезеңде қатысушылар бейтаныс сыныптарда ашық сабақтар өткізді. Байқаудың соңғы кезеңінде дене шынықтыру мұғалімдері өздерінің кәсіби әрекеттерін ұсынды және жұмыс тәжірибесімен алмасты.
Байқау нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
Номинацияларға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 17 орта мектебі" КММ дене шынықтыру мұғалімі - Досумов Арман Сабыржанұлы және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы" КММ дене шынықтыру мұғалімі - Мағауов Ерболат Абайұлы ие болды.
Байқауда 3 - ші орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі" КММ дене шынықтыру мұғалімі-Андреева Дарья Олеговна иеленді.
2 - ші орынды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі" КММ дене шынықтыру мұғалімі-Виталий Витальевич Боков иеленді.
1-орын Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындпғы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" КММ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі - Нұрбол Өмірзақұлы Әбдіғалиев иеленді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.