Тәжірибе бөлісіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашамыз!

28–29 қазан күндері Түркістан қаласында Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде.

Қостанай облысының делегациясы балаларға қосымша білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселелер мен перспективаларды талқылау мақсатында өңірлердің өкілдерін біріктірген ауқымды іс-шараға қатысуда.

Бүгін, отырыстың бірінші күні, қосымша білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына арналған пленарлық отырыс өтті. Бағдарламаның жалғасы ретінде жеті бағыт бойынша секциялық жұмыстар ұйымдастырылып, қатысушылар тәжірибе алмасып, үздік тәжірибелер мен білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін талқылауда.

Осындай ауқымды іс-шараға қатысу – кәсіби байланыстарды нығайтуға, әріптестердің табысты бастамаларымен танысуға және қосымша білім беруді одан әрі дамытуға арналған жаңа бағдарларды айқындауға мүмкіндік береді.

Алда – кәсіби бағдарламаға толы екінші күн, жаңа идеялар мен ынтымақтастықтың тың мүмкіндіктері!

Полезные ресуры