1 қазан – бүкіл әлемде Халықаралық қарттар күні аталып өтетін ерекше күн. Бұл күн – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығына тағзым ететін, еңбегіне алғыс білдіретін маңызды мереке.
Осы айтулы күнге орай біз ардагер ұстаздарымызды, білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен қадірлі әріптестерімізді құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасылық амандық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және жан жылуын тіледік.
Сіздердің саналы ғұмырларыңыз бен еселі еңбектеріңіз – кейінгі ұрпаққа өнеге, ал мол тәжірибелеріңіз – жас педагогтер үшін баға жетпес құндылық.
Құрметті әріптестер, әрдайым орталарыңызда сый-құрметке бөленіп, жақындарыңыздың мейірімі мен қамқорлығына бөленіп жүріңіздер! Әр күндеріңіз қуанышқа, жылылыққа және жақсы жаңалықтарға толы болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
https://rcfk.edu.kz/news/982-khalykaralyk-karttar-k-ni.html#sigProGalleriad0157f947f