"Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумының облыстық кезеңі"

2026 жылғы 03 наурызда Рудный қаласы № 2 гимназиясы базасында Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының Республикалық форумының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облыстың 15 өңірінен 76 оқушы қатысты. Байқаулық кезеңдер барысында қатысушылар мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының табысты жұмысын, сондай-ақ экология және төтенше жағдайлар бағыттары бойынша жеткен жетістіктерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімен келесі жіңімпаздар анықталды:
Экология министрлері кезеңінде: 1 орын-Шәріпова Інжу, Амангелді ауданы Құмкешу ЖББМ; 2 орын-Корчагина Эвелина, Жітіқара ауданы Абай атындағы МЛ; 3 орын- Есимова Аяжан, Рудный қаласы № 13 ЖББМ; Баймлер Злата, Федоров ауданы Абай атындағы ЖББМ.
Төтенже жағдай бойынша министрлері арасында: 1 орын – Алина Томирис, Науырзым ауданы Докучаев ЖББМ; 2 орын-Абиболла Айша, Қостанай ауданы № 1 Заречный ЖББМ; 3 орын-Шмик Андрей, Бейімбет Майлин ауданы Береговое ЖББМ; Мухтаров Мирас, Жітіқара ауданы Абай атындағы МЛ.
Жеңімпаздар Қостанай облысының делегациясы құрамында Республикалық Форумға қатысады.

Полезные ресуры