2025 жылдың 7 қарашасында дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Мен мақтан тұтатын сабақ» атты үздік бейне сабаққа арналған жыл сайынғы облыстық байқау өтті.
⠀Байқау Қостанай облысының талантты шығармашыл педагогтарын анықтау және олардың тәжірибесін дәріптеу мақсатында өткізіледі.
⠀Байқауды өткізу қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
⠀Бірінші орын - Мухамеджанов Арман Рустемович, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі;
⠀Екінші орын – Еремин Никита Дмитриевич, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданы білім бөлімінің Свердлов жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі;
⠀Үшінші орын - Жирютина Диана Юрьевна, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Апанов жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі;
⠀«Білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін» номинациясы - Петриков Евгений Андреевич, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Қозыбаев атындағы № 23 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі;
⠀«Білім сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін» номинациясы - Айназаров Аманжол Алишерович, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру мұғалімі.
⠀Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
https://rcfk.edu.kz/news/903-men-maktan-t-tatyn-sabak.html#sigProGalleriaac4c0cb064