Пікірсайыс

10 маусымда Тобыл қ. (Қостанай ауданы) Балалар шығармашылығы үйінің базасында Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы ұйымдастырған "Пікірсайыс" бағыты бойынша тәжірибелік тағылымдама алаңының 2 кезеңі аяқталды.
Екінші кезең – практикалық. Пікірсайыс клубтарының басшылары "Пікірсайысқа арналған сиқырлы кейсті іздеу" квестіне қатысты, дөңгелек үстелде пікір таластырып, бөлісті, әртүрлі форматтағы пікірсайыстарды ойнады.
Жұмыс жемісті өтті, барлық қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен тәжірибе алды.

{gallery}дебаты{/gallery}