Арнайы білім беру қажеттіліктері бар дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау мақсатында Аймақтық дене шынықтыру және қосымша білім беру орталығы «Шекарасыз балалық шақ» атты облыстық фестиваль-байқауын ұйымдастырып, өткізді.
Фестиваль бағдарламасы үш бағытты қамтыды:
• «Муза және балалар» атты көркемөнерпаз шығармашылығы байқауы,
• «Асыл мұра» декоративті-қолданбалы өнер байқауы,
• сондай-ақ кәсіби шеберлік бойынша келесі номинациялар: ағаш өңдеу ісі, слесарлық іс, тігін ісі, аспаздық ісі.
«Муза және балалар» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қостанай облысының намысын республикалық «Жұлдызай» байқауында қорғайтын болады.
Фестивальдің іріктеу кезеңі екі айға созылып, ең үздік өнер көрсетілімдері ұсынылған «Шекарасыз балалық шақ» атты жарқын Гала-концертпен аяқталды.
https://rcfk.edu.kz/news/860-sheksiz-balalyk-shak.html#sigProGalleria07c36a6c70