"Қосымша білім берудің үздік ұйымы" облыстық байқауының қорытындылары шығарылды
2015 жылдан бастап біздің облыста жыл сайын "Қосымша білім берудің үздік ұйымы" атты байқау өткізіліп келеді. Байқаудың мақсаты – қосымша білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді анықтау және қолдау, педагогикалық ұжымдардың кәсіби өсуін ынталандыру және білім беру ұйымдарының инновациялық әлеуетін дамыту.
Байқау келесі номинациялар бойынша бағаланды:
Ұйымның өзін-өзі таныстыруы
Көрме-презентация
Ұйымның даму бағдарламасын қорғау
2025 жылы байқауға облыстың 7 өңірінен 8 қосымша білім беру ұйымы қатысты. Барлық қатысушылар өз қызметтерін мазмұнды әрі әсерлі түрде таныстырып, жетістіктері мен даму болашағын, сондай-ақ білім беру үдерісіне белсенді қатысын көрсетті.
Байқау сынақтарының қорытындылары бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Меңдіқара ауданының Боровской балалар өнер мектебі;
2 орын – Қостанай қаласының аула клубы;
3 орын – Рудный қаласының балалар тәрбиелеу-сауықтыру кешені.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері, кәсібиліктері мен өз істеріне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз! Қосымша білім беру саласында жаңа табыстар мен биік жетістіктер тілейміз!
https://rcfk.edu.kz/news/856-zdik-kosymsha-bilim-beru-jymy.html#sigProGalleriaba11027e5c