Бүгін Шракбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Қостанай академиясының базасында Қостанай облысының әскерилендірілген кроссынан «Жеңіс ұрпақтары» Ашық Чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қостанай облысының білім беру мекемелерінен 12 әскери-патриоттық клубтар қатысты.
Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Қостанай академиясының басшысы полиция генерал-майоры Дәрменов А.Д., Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы бастығының орынбасары Бегатаров А.Қ. Чемпионат қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі.
Қойылымдар мерекелік жарқын көңіл-күй тудырды: Құрметті қарауыл ротасы өзінің әскери дайындығымен, «Томирис» курсанттар командасы күші мен бірлігімен шабыттандырды,
Кинологиялық орталықтың қызметкерлері төрт аяқты серіктестерімен жұмысының үйлесімділігімен, ал Академия спортшылары өздерінің керемет демонстрациялық нөмірлерімен қонақтарды таң қалдырды.
Чемпионат бағдарламасына ұлдар үшін 1500 метр және қыздар үшін 1200 метрлік жарыс қашықтығы, пневматикалық винтовкадан ату және граната лақтыру түрлері кіреді.
https://rcfk.edu.kz/news/851-askerilendirilgen-krosstan-oblystyk-ashyk-chempionaty.html#sigProGalleria742d2ec8b2