«Көшбасшы аумағы» облыстық слетінің қорытындылары
2025 жылғы 19 мамыр
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2025 жылғы 09 сәуірдегі № 283 «Көшбасшы аумағы» облыстық көшбасшылар слетін өткізу туралы» бұйрығы орындалунда 2025 жылғы 19 мамырда «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «Көшбасшы аумағы» облыстық көшбасшылар слеті өткізілді.
Слетке облыстың 16 өңірінен жалпы, орта білім беру ұйымдарының 66 білім алушысы, өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары, мектеп парламенттерінің, балалар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. Іс-шара барысында "Мектеп балалардың көзімен» әлеуметтік жобалар байқауы өткізілді. Слет қатысушылары үшін «Энканто» еріктілер командасы «Мен-көшбасшымын» атты тренингтік вертушка өткізді.
«Мектеп балалардың көзімен» әлеуметтік жобалар байқауы номинациясының жеңімпазы «Комфорт+мектебі» жобасымен Қарабалық ауданының Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі (педагог –Волошенко Наталья Ивановна) болды. Жеңімпазға Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының дипломы және жобаны іске асыруға 3 миллион теңге жүлде табыс етілді.
Қазылар алқасының мүшелері көтермелеу номинацияларының жеңімпаздарын анықтады:
«Гүлденген мектеп ауласы» номинациясы - Қостанай ауданының № 1 Заречный жалпы білім беретін мектебі» (Педагог-Байқасынова Балауса Кикбаевна);
«Жайлы білім беру ортасы» номинациясы - Ұзынкөл ауданының Арзамас жалпы білім беретін мектебі (педагог - Горбулина Анна Сергеевна);
«Дизайнға шығармашылық көзқарас» номинациясы - Меңдіқара ауданының Джангелдинский жалпы білім беретін мектебі (педагог - Серикбаева Аягоз Алимжановна);
«Әлеуметтік белсенділік» номинациясы - Амангелді ауданының А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі (педагог-Шонгалов Қуандық Бакытович);
«Болашақ мектебі» номинациясы - Бейімбет Майлин ауданының Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебі (педагог - атимтаева Балзина Муратовна)
Слет жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз!
https://rcfk.edu.kz/news/849-koshbasshy-aumagy-oblystyk-sletini-korytyndylary.html#sigProGalleriaba1f7ba259