2025 жылғы 13 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Сапалы білім беру жолы: педагогикалық дамудың жаңа көкжиектері» атты дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған семинар-практикумы өтті. ⠀Іс-шараға қатысушылары дене шынықтыруды оқытудың заманауи тәсілдерін талқылады, тәжірибелерімен бөлісті, практикалық сабақтарға қатысты және бірлесіп одан әрі кәсіби өсу жолдарын белгіледі. ⠀Семинар идеялармен алмасу және дамуға ынталандыру алаңына айналды. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны және сапалы білім алуға ұмтылғаны үшін алғыс айтамыз!
View the embedded image gallery online at:
https://rcfk.edu.kz/news/813-sapaly-bilimge-zhol-seminar-praktikum.html#sigProGalleria3fb3d2c4c4
https://rcfk.edu.kz/news/813-sapaly-bilimge-zhol-seminar-praktikum.html#sigProGalleria3fb3d2c4c4