2024 жылдың 15 наурызында жас дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Заманауи мектеп жағдайында ұлттық спорт түрлерін оқытудың заманауи әдістері» тақырыбында облыстық семинар-тренингі өтті. Аталған семинардың мақсаты - жас педагогтарға ұлттық спорт түрлерін оқытудың заманауи әдістерін белсенді қолдануға бағытталған педагогикалық шеберліктерін арттыруға практикалық көмек көрсету. Семинарға 30 педагог қатысты, олардың жұмыс өтілі 3 жылдан аспайды.
Семинар теориялық бөлімнен тұрды, онда келесі мәселелер қамтылды:
- кәсіби шаршау: алдын алу және қалпына келтіру;
- ұлттық спорт түрлерін оқытудың теориялық негізі мен әдістемесін зерделеу;
- ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарды өткізудің әдістемелік негіздерін талдау;
- мұғалімнің өзіндік жұмысы үшін практикалық дағдылар мен дағдыларды игеру.
Практикалық бөлімде педагогтар тоғызқұмалақ, асық ату және таяқ-тарту (мас-күрес) сияқты ойындарды игерді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
«Заманауи мектеп жағдайында ұлттық спорт түрлерін оқытудың заманауи әдістері»
Жұма, 15 Наурыз 2024