Баскетболдан «Алтын доп» мектеп лигасы

2023 жылғы 5-8 желтоқсан аралығында Лисаков қаласында «Союз» МҮ және БЖСМ базасында жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай 9-11 сынып ұлдары мен қыздары арасында баскетболдан «Алтын доп» мектеп лигасының облыстық кезеңінің финалы өтті.

Жарыстың қамтылуы 190 қатысушыны құрады.

Жарыс қорытындысы бойынша үлдар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

1 орын – «Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі»;

2 орын – «Қарабалық ауданы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі»;

3 орын – «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 7 жалпы білім беретін мектебі».

Жарыс нәтижелері бойынша қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

1 орын – «Лисаков қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін мектебі»,

2 орын – «Қостанай ауданы білім бөлімінің № 1 жалпы білім беретін мектебі»,

3 орын – «Денисов ауданы білім бөлімінің Перелески жалпы білім беретін мектебі».

{gallery}65787b44648a7:::0:0{/gallery}