Тоғызқұмалақ

2023 жылғы 27-30 қараша аралығында Қостанай қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі базасында жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл толуына орай 9-11 сынып ұлдары мен қыздары арасында тоғызқұмалақтан мектеп лигасының облыстық кезеңінің финалы өтті.

Жарыстың қамтылуы 80 қатысушыны құрады.

Жарыс нәтижелері бойынша 9-11 сыныптар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

1 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімінің Новоильиновка жалпы білім беретін мектебі» КММ;

2 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ.

{gallery}6569f6a06d28e:::0:0{/gallery}