Новости

  • «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы

    «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы 2024 жылғы 25 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша команда жеңіскері «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалында Қостанай облысы атынан қатысады. Ойынға…

  • «Менің бастамам - менің Отаныма»

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «Менің бастамам - менің Отаныма» республикалық балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,…

  • «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024»

    2024 жылдың 16-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының…

Волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасы

2023 жылғы 7-10 қараша аралығында Денисов ауданының БЖСМ және «Автомобилист» СК-да жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына 145 - жыл толуына орай 9-11 сынып ұлдары мен қыздары арасында волейболдан «Шұбар доп» мектеп лигасының облыстық кезеңінің финалы өтті.
Облыстық финалдық кезеңге 16 команда қатысты:
9-11 сынып оқушылары – «Қостанай қаласының № 18 мектеп-гимназиясы», «Меңдіқара ауданының Ахметқазы Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы», «Қостанай ауданының мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі», «Қамысты ауданының Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі», «Денисов ауданының № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі», Әулиекөл ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы «Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі», «Жангелді ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі», «Қарасу ауданының Қарасу жалпы білім беретін мектебі».
Жарыстың қорытындылары бойынша ұлдар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
1 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 18 мектеп-гимназиясы» КММ;
2 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелді ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ;
3 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Қыздар 9-11 сыныптар – «Рудный қаласының № 5 гимназиясы», «Арқалық қаласының Кейкі Батыр атындағы № 4 жалпы білім беретін мектебі», «Федоров ауданының Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі», «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы», «Денисов ауданының № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі», «Амангелді ауданының № 4 Амангелді жалпы білім беретін мектебі», «Қостанай бөлімінің Г. Қайырбеков атындағы № 9 жалпы білім беретін мектебі», «Қарасу ауданының Железнодорожный жалпы білім беретін мектебі».
Жарыстың қамтылуы 190 қатысушыны құрады.
Жарыс нәтижелері бойынша қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
1 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданы білім бөлімінің № 2 Денисов жалпы білім беретін мектебі»;
2 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің гимназиясы» КММ;
3 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің № 4 Кейкі Батыр жалпы білім беретін мектебі» КММ.