Былғары доп

2023 жылғы 17-20 қазан аралығында Қостанай қаласының «Тобыл АРЕНА» футбол стадионында жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына  145 жыл толуына орай 9-11 сынып оқушылары арасында футболдан «Былғары доп» мектеп лигасының облыстық кезеңінің финалы өтті.

Осы финалдық кезеңге 8 команда (мектеп) Қарасу ЖББМ, Қостанай қаласының Горький атындағы гимназиясы, Рудный қаласының № 3 ЖББМ, Қостанай ауданының Заречный мектеп-лицейі, № 1 Қамысты ЖББМ, Мұса Шожановтың атындағы Жітіқара № 2 ЖББМ, Арқалық қаласының Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Жангелді ауданының Уәлиханов атындағы ЖББМ қатысты.

Жарысты қамту 120 қатысушыны құрады.

Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

1 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Горький атындағы гимназиясы» КММ;

2 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ.

3 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «№ 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі» КММ.

{gallery}6532b05bba77a:::0:0{/gallery}