«Теңбіл доп» жарысы

2023 жылдың 10-12 сәуір аралығында Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовтың ерлігінің 80-жылдығына арналған 5-6 сынып ұлдары арасында футзалдан «Теңбіл доп» облыстық мектеп лигасы бағдарламасында жарыстар өтті.

Жарысты қамту 140 қатысушыны құрады.

Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:

1 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Қарасу жалпы білім беретін мектебі» КММ;

2 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің № 4 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

3 орын - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 12 жалпы білім беретін мектебі» КММ.