Шаңғы туризмі бойынша жарыстар

2023 жылғы 22-24 ақпанда Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толуына орай оқушылардың облыстық қысқы спартакиадасы аясында шаңғы туризмі бойынша жарыстар өтті. Облысымыздың 14 өңірінен келген жас спортшылар ауа-райының қыңырлығына қарамастан, "Жұмарда көтерілу", "Дюльфермен түсу", "Қар көшкіні қаупі бар учаскенің траверсі", "Жұқа мұздан өту", "Алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шегушіні тасымалдау", "Шанғының ізің қадағалау", "От жағу", "Шаңғы тебу", "Топография", "Бағдарлау", "Туристік тораптар" сияқты кезеңдерді сәтті өтті. Бірінші болып Қостанай ауданының командасы, екінші орынды Сарыкөл ауданының командасы, үшінші орынды Меңдіқара ауданының командасы иеленді.
Жеңімпаздарды және барлық қатысушыларды құттықтаймыз, белсенді өмір салтын жалғастыруды, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді және ешқашан берілмеуді тілейміз!!!