2022 жылғы 14 желтоқсанда Қостанай қаласында Қостанай облысының дене шынықтыру бойынша әдіскерлерімен облыстық кеңес өтті. Отырыстың күн тәртібінде:
1. Туризм бөлімінің аналитикалық ақпараты.
2. Әдістемелік бөлімнің аналитикалық ақпараты.
3. Спорт бөлімінің аналитикалық ақпараты.
4. Күнтізбелік жоспар.
5. Жоспарлау.
6. Қостанай облысы әдіскерлерінің рейтингтік жүйесінің қорытындысын шығару.
Алғашқы үш сұрақ бойынша Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының бөлім басшылары сөз сөйлеп, 2021-2022 жылдарға арналған атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Одан Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының 2023 жылға арналған дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және оқу-әдістемелік жұмысының күнтізбелік жоспарына және 2023 жылға арналған мектеп оқушылары мен мектеп лигаларының қысқы және жазғы облыстық спартакиадасын өткізуге көшті.
Жиын соңында Қостанай облысының дене шынықтыру пәні әдіскерлерінің жұмысын бағалаудың қорытынды рейтингтік жүйесі қорытындыланды.
Орындар келесідей бөлінді:
1 ОРЫН – Қостанай қаласының дене шынықтыру бойынша әдіскер – Шегенова Шарбану Ысқаққызы;
2 ОРЫН – Қостанай ауданының дене шынықтыру бойынша әдіскері – Уакбаева Маржан Мылтықбайқызы;
3 ОРЫН – Амангелді ауданының дене шынықтыру бойынша әдіскері – Каркимбаев Нурлан Максимұлы;
Барлық жеңімпаздар мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Дене шынықтыру саласындағы жемісті еңбегі үшін Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының «Үздік қызметкер» төсбелгісімен Амангелді ауданы әкімдігінің білім бөлімінің дене шынықтыру бойынша әдіскері Нурлан Максимұлы Каркимбаев марапатталды.
Барлық қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз және қол жеткен нәтижеде тоқтап қалмауларына тілектеспіз!
14 декабря 2022 года в городе Костанай прошло областное совещание с методистами по физической культуре Костанайской области. На повестке дня на совещании было:
1. Аналитическая информация отдела туризма.
2. Аналитическая информация методического отдела.
3. Аналитическая информация спортивного отдела.
4. Календарный план
5. Планирование
6.Подведение итогов рейтинговой системы методистов Костанайской области.
По первым трем вопросам выступили руководители отделов Регионального центра физической культуры и детско-юношеского туризма, где осветили информацию о проделанной работе за 2021-2022 год.
Далее обсуждения перешли на календарный план физкультурно-оздоровительной, спортивной и учебно-методической работы на 2023 год регионального центра физической культуры и детско-юношеского туризма и обсуждения областной зимней и летней спартакиады школьников и школьных лиг на 2023 год.
Завершением совещания было подведение итоговой рейтинговой системы оценки работы методистов по физической культуре Костанайской области.
Места распределились следующим образом:
1 МЕСТО – методист по физической культуре город Костанай- Шегенова Шарбану Искаковна;
2 МЕСТО - методист по физической культуре Костанайского района - Уакбаева Маржан Мылтыкбаевна;
3 МЕСТО – методист по физической культуре Амангельдинского района - Каркимбаев Нурлан Максимович;
Всем победителям были вручены грамоты и ценные призы.
За плодотворную работу в сфере физической культуры нагрудным знаком «Үздік қызметкер»Регионального центра физической культуры и детско-юношеского туризма был награжден – Каркимбаев Нурлан Максимович, методист по физической культуре отдела образования акимата Амангельдинского района.
Всех участников хотим поздравить с победой и желаем не останавливаться на достигнутом результате!