2022 жылдың 25 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Урицкий-мектеп лицейі» базасында 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар дене шынықтыру пәнінің әдіскерлері мен мұғалімдеріне арналған облыстық семинар – практикумы өтті. Тақырыбы «Дене шынықтыру мұғалімінің сабақ және сыныптан тыс жұмысының формалары мен әдістері». Бұл семинардың мақсаты – жаңартылған мазмұн аясында дене шынықтыру пәнін оқытудың сапасын арттыру. Облыс ұстаздары Сарыкөл ауданы ұстаздарының оң тәжірибесімен танысты. Семинарға 50-ден астам адам қатысты.
Теориялық бөлімде дене шынықтыру мұғалімдері «Мектептегі футбол» пилоттық жобасын жүзеге асыру», «Шағын жинақты мектепте дене шынықтыру пәнін оқытудың ерекшеліктері», «Оқу үрдісінде конькимен жүгіру жаттығуларын тиімді пайдалану» тақырыптарында баяндама жасады.
Семинардың практикалық бөлімінде Сарыкөл ауданының мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Семинарға қатысушылар сабақта волейбол ойынын оқытуда стандартты емес құрал-жабдықтарды сынаудың бірегей мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар олар жеке және командалық туристік құрал-жабдықтармен танысты, гір бойынша сабақ-жарыстарға қатысты. Семинарға қатысушылары мұғалімдердің оқу және сабақтан тыс жұмысының барлық өзекті сұрақтарына жауап алды.
25 апреля 2022 года прошёл областной семинар – практикумдля методистов и учителей физической культуры стаж работы до 3-х лет, на базе «Урицкой-школы лицей отдела образования Сарыкольского района» УОаКО. Тема «Формы и методы урочной и внеурочной деятельности учителя физической культуры». Цель данного семинара повышение качества преподавания физической культуры в рамках обновленного содержания. Педагоги области ознакомились с положительным опытом педагогов Сарыкольского района. На семинаре приняли участие более 50 человек.
В теоретической части выступили учителя физической культуры на темы: «Внедрение пилотного проекта «Футбол в школе», «Особенности преподавания физической культуры в малокомплектной школе», «Эффективное использование конькобежной подготовки в учебно-воспитательном процессе».
В практической части семинара учителя Сарыкольского района провели открытые уроки. У участников семинара появилась уникальная возможность самим апробировать на уроке нестандартные оборудования в обучении игре волейбол, также ознакомились с личным и командным турснаряжением, приняли участие в урок-соревнованиях по гирям. Участники семинара получили ответы на все интересующие актуальные вопросы урочной и внеурочной деятельности педагогов.