Новости

  • «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы

    «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы 2024 жылғы 25 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша команда жеңіскері «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалында Қостанай облысы атынан қатысады. Ойынға…

  • «Менің бастамам - менің Отаныма»

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ «Менің бастамам - менің Отаныма» республикалық балалар әлеуметтік бастамалары мен шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,…

  • «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024»

    2024 жылдың 16-19 сәуір аралығында Қостанай қаласында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі – 2024» облыстық байқауы өтті. Облыстық байқау мұғалімнің білім беру мазмұнын жаңарту бойынша кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру процесін ұйымдастыруда жаңа педагогикалық технологияларды қолдауға, дене шынықтыру педагогтарының…

Областной семинар-тренинг для молодых учителей физической культуры

2022 жылдың 28 наурызында «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей интернатының базасында жас дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру аясындағы дене шынықтыру сабақтарында жұмыстың тиімді нысандары мен әдістері» тақырыбында облыстық семинар-тренингі өтті. Бұл семинардың мақсаты - жас мұғалімдерге дене шынықтыру сабағын ұйымдастыру мен жоспарлауда әдістемелік көмек көрсету. Семинарға еңбек өтілі 3 жылдан аспайтын 40-қа жуық педагог қатысты.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды: дене шынықтыру сабағын бала физиологиясы тұрғысынан жоспарлау және өткізу әдістемесі, жаңартылған білім беру аясында сыныпта оқыту сапасын арттырудың тиімді шарттары, критериалды бағалау, дене шынықтыру сабағында сараланған тапсырмалар. Практикалық бөлімде мұғалімдердің өздері белсенді қатысып, дене шынықтыру сабағын ұйымдастырудың жаңа әдістері мен формаларын меңгерді.

Семинарда жаңартылған білім беру аясындағы барлық өзекті мәселелер талқыланды. Болашақта жас ұстаздар осыны педагогикалық тәжірибеде қолданады деп сенеміз.

 

28 марта 2022 года на базе специализированной школе-лицей  интернат информационных технологий «Озат» прошел областной семинар-тренинг  для молодых учителей физической культуры на тему: «Эффективные формы и методы работы на уроках физической культуры в рамках обновленного образования». Целью данного семинара являлось – оказание методической помощи молодым учителям в организации и планировании урока физической культуры. В семинаре приняли участие около 40 педагогов стаж работы, которых не превышает более 3-х лет.

На семинаре были освещены следующие вопросы: методика планирования и проведения  уроков физической культуры с точки зрения физиологии ребенка, эффективные условия повышения качества обучения на уроках в рамках обновленного образования, критериальное оценивание, дифференцированные задания на уроках физической культуры. В практической части педагоги сами приняли активное участие, где  освоили новые методы и формы организации  урока физической культуры.

На семинаре обсудили все интересующие актуальные вопросы в рамках обновленного образования. Надеемся,  в дальнейшем молодые педагоги будут  применять это в своей педагогической практике.