Дене шынықтыру мұғалімі математика мұғалімінен кем емес
21 желтоқсанда Білім басқармасында Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмі өңірлік орталығының директоры Қуаныш Бимурзиннің басшылығымен облыстық онлайн кеңес өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе: ДТжБЖТӨО талдамалық, қорытынды ақпараты болды. Өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер туризмінің секцияларын дамыту, мектептерді, үйірмелерді материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері қозғалды. Облыстың бас дене шынықтырушылары онлайн турнирлерге қатысуды мұқият қарап, әр әдіскер мен мұғалімнің жұмысын жеке бақылайды.
Өз мәліметтерінің негізінде ДТжБЖТӨО жыл қорытындысын шығарып, облыстың үздік әдіскерлерін анықтады. 2020 жылы рейтингте бірінші орынды Рудный қаласының әдіскері Айгүл Әшімқызы Шамшиева иеленді, ол грамотамен және принтермен марапатталды. Жітіқара қаласының әдіскері Ринат Шарифуллович Гайдуллин күміске ие болды, оған планшет табысталды. Жүлделі үшінші орынды Қостанай ауданының әдіскері Уакбаева Маржан Мылтықбайқызы иеленіп, пауэрбанк және құрмет грамотасы берілді.
- Менің ойымша, дене шынықтыру мұғалімі математика немесе физика мұғалімінен кем емес, біз анатомия мен физиологияны өттік, алғашқы көмек көрсетуді үйрендік, педагогикалық әдістемені оқыдық. Біз өз мамандығымыздың беделін және рейтингін көтеруіміз керек. Өйткені біздің педагогтар салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілікті оятады, ал бұл біздің маңызды міндеттеріміздің бірі - деп атап өтті ДТжБЖТӨО директоры Қуаныш БИМУРЗИН.
Аталған сыйлықтардан басқа, Қостанай облысының рейтингісінде дене шынықтыру бойынша үздік әдіскерлерге жеңі кубоктары табыс етілді.
Учитель физкультуры ничем не хуже учителя математики
21 декабря в Управлении Образования состоялось областное онлайн совещание под руководством директора Регионального центра физической культуры и детско-юношеского туризма Куаныша БИМУРЗИНА.
Основной повестки дня стала аналитическая, итоговая информация РЦФК и ДЮТ. Были затронуты вопросы развития секций детско-юношеского туризма в регионах, материально-техническое оснащение школ, кружков. Главные физкультурники области тщательно следят за участием в онлайн турнирах, отслеживая работу каждого методиста и учителя в области отдельно.
На основе своих данных РЦФК и ДЮТ подвели итоги года, где выделили лучших методистов области. Первое место в рейтинге за 2020-ый год заняла методист города Рудного Шамшиева Айгуль Ашимовна, она была отмечена грамотой и принтером. Серебро взял Гайдуллин Ринат Шарифуллович методист из Житикары, ему был вручен планшет. Призовое третье место заняла методист из Костанайского района Уакбаева Маржан Мылтыкбаевна, удостенная почетной грамоты и пауэрбанка.
- Я считаю, что учитель физической культуры ничем не хуже учителя математики или физики, мы проходили анатомию и физиологию, учили, как оказывать первую помощь, изучали педагогическую методику. Мы должны поднять имидж и рейтинг нашей профессии. Ведь наши педагоги прививают любовь к здоровому образу жизни, а это является одной из важных наших задач - подчеркнул директор РЦФК и ДЮТ Куаныш БИМУРЗИН.
Помимо названных призов, лучшим методистам по физической культуре в рейтинге Костанайской области вручили победные кубки.