Новости

  • 8 наурызбен құттықтау

  • «ТЕҢ МҮМКІНДЕКТЕР» фестивалі

    «ТЕҢ МҮМКІНДЕКТЕР» балалар инклюзивті фестивалі аяқталды. № 14 ЖББМ командасы келесі нәтижелермен үйге оралады 1 орын кіші бочча командасы, құрамында 5А сынып оқушыларыЖанібек ЖанболатҚанат ЖансаяАкимов Леонид2 орын бочча аға командасы, құрамында Филиппов Вячеслав, Беде Сергей-9 АКозлов Максим - 8в сыныпЖеңіл…

  • «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы

    «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының облыстық финалы 2024 жылғы 25 сәуірде Дене тәрбиесі және қосымша білім беру өңірлік орталығы «Жас Ұлан» облыстық әскери-спорттық ойыны өткізілді. Ойын қорытындысы бойынша команда жеңіскері «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынының республикалық финалында Қостанай облысы атынан қатысады. Ойынға…

Шахмат және тоғызқұмалақтан турнир

ШАХМАТЫ И ТОГЫЗКУМАЛАК

7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен шахмат және тоғызқұмалақтан «Шахмат менің қалауым», «Саналы ұрпақ- жарқын болашақ» атауымен жасөспірімдер арасында II республикалық бұқаралық турнир өтті.

с-шараның ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, , Спортты дамыту дирекциясының директоры Самат Ерғалиев, шахматтан халықарлық дәрежедегі гроссмейстер, Әлем және Азия чемпионы Динара Сәдуақасова мен Тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры, тоғызқұмалақтан үш дүркін Әлем чемпионы Серік Ақтаев қатысты.

Жарыста Қостанай, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Тараз, Қарағанды қалаларынан келген 14 жасқа дейінгі 200-ге жуық жас шахмат пен тоғызқұмалақ шеберлері бақ сынады.

Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов, Спортты дамыту дирекциясы директорының орынбасарлары Алексей Крючков пен Еркеғали Корбозов марапаттады.
Шахмат пен тоғызқұмалақтан II республикалық бұқаралық турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
Шахматтан қыздар:
1-орын - Меруерт Камалденова;
2-орын - Алина Қайырбекова;
3-орын - Аяулым Қалдарова;
Ұлдар:
1-орын - Алдияр Аңсат;
2-орын - Альзияд Жасланұлы;
3-орын - Бексұлтан Мамраев;
Тоғызқұмалақтан ұлдар:
1-орын - Нұрсәлім Ыбрайым (Нұр-Сұлтан);
2-орын - Қуаныш Қалелов (Қостанай);
3-орын - Ерсұлтан Жалғасбай (Қостанай);
Қыздар:
1-орын - Ақгүл Бауыржанқызы (БҚО);
2-орын - Раушан Әуелбай (Нұр-Сұлтан);
3-орын - Аяна Әнуарбек (Павлодар);