2018 жылдың қазан айының 18-19 аралығында Арқалыққаласында Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығы мен Арқалық қаласының білім бөлімімен бірлесе отырып, дене тәрбиесінің әдіскерлері мен мұғалімдері үшін: «Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен әдіскерлердің кәсіби шеберліктерін арттыру жағдайында Арқалық қаласының дене тәрбиесі мұғлемдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмыс жүйесі» атты семинары жүзеге асты.
Семинардын ашылуында Дене тәрбиесі және балалар мен жасөспірімдер туризмінің өңірлік орталығының директоры Қуаныш Уахитұлы Бимурзин және Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Есламбек Женісұлы Мамиткенов алғашқы қуттықтау сөздері мен тілектерін білдірді.
Аталған іс-шара Арқалық қаласының білім саласындағы мамндарының баяндамасынан басталды:
О.Г. Дәркенов Арқалық қаласы білім бөлімінің әдіскері – «Арқалық қаласы дене шынықтыру пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жұмыс жүйесі»;
Е.Б. Қожамсейітов ҚББО «Батыр» клубының жетекшесі – «Қосымша білім беру орталығының спорттық және әскери спорттық клубының жұмыстары»;
О.К.Оразалин «Жас-Ұлан» БЖО «Туризм» үйірмесінің жетекшесі – «Тұған жер – алтын бесігім» бағдарламасы аясында Арқалық қаласында спорттық және өлкетану туризмінің жұмысы туралы», баяндамалары оқылып талқылауы жасалынды.
Келесі кезенде Қазақ туризм және спорт академиясының құрметті профессоры, Республикалық спорт жұлдыздары ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторы М.Тасқалиев – Салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан улесі үшін дене тәрбиесінің мұғалімдері мен аталған семинардың қонақтарына төс белгілерімен марапаттау рәсімін өткізді.
Бірінші күнінің қорытынды бөлімінде Семинардың қатысушыларымен қонақтарына Арқалық қаласының спорттық ғимараттарына, тарихи нысандыр мен өлкетану мұражайларына тарихи танымдылық саяхат өткізілді.
Екінші күні семинар практикалық бөлімінен басталды.
Бірінші сабақты Арқалық қ. № 5 орта мектебінің дене тәрбиесінің мұғалімі Ю.А. Семенов ұсынды, сабақтың тақырыбы «Футбол сабағын ұйымдастыру және откізудің әдіс – тәсілдері» болды, бірақ сабақтың практикалық бөлімін бастамас бұрын, мұғалім сабақ өткізу ережесін және оны өткізудің негізгі кездерін айтты.
Екінші сабақ - Восточный орта мектебінің дене тәрбиесінің мұғалімі Е.М. Омаров өткізген волейбол сабағы.
Одан әрі, бағдарлама бойынша Ы. Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясының дене тәрбиесінің мұғалімі Н.М.Әбдіқадыр «Мен-Чемпион» спорттық іс-шарасын өткізді.
Семинардын аяқталу кезеніңде барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.