Туристік көпсайыстан облыстық жарыстардың қорытындылары

2026 жылғы 17-20 қараша аралығында Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орайластырылған жасанды рельефте туристік көпсайыстан облыстық жарыстар өтті

Төрт күн бойы Қостанай облысының жас туристері өздерінің дене дайындығын, техникалық дағдыларын, төзімділігі мен командада жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Қатысушылар командалық және жеке қашықтықтарда, байламдарда, құтқару жұмыстарында және «+1» қашықтықта бақ сынасты. Әр кезең спортшылардан зейінділікті, іс-әрекеттің үйлесімділігін, шешім қабылдау жылдамдығын және өзара көмекті талап етті.

Жарыстың қорытындылары бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

    «Жасөспірімдер» жас санаты:

  • 1 орын – «Jasa 2» командасы (Меңдіқара ауданы);

  • 2 орын – «Степная братва» командасы (Қостанай ауданы);

  • 3 орын – «Jasa 3» командасы (Меңдіқара ауданы).

    • «Юниорлар» жас санаты:

  • 1 орын – «Jasa» командасы (Меңдіқара ауданы);

  • 2 орын – «Азимут» командасы (Меңдіқара ауданы);

  • 3 орын – «Степная братва» командасы (Қостанай ауданы).

  • Жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және туристік мүкәммалмен марапатталды.

    Барлық қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ жаттықтырушылар мен команда жетекшілерін құттықтаймыз! Көрсетілген спорттық сипаты, жеңіске деген ұмтылысы және туристік спортқа берілгендігі үшін алғыс айтамыз.

    Жаңа жетістіктер, жарқын бастаулар және жаңа шыңдарды сенімді бағындыруды тілейміз!

    Полезные ресуры